Бас жаңалықтар
Ақтөбелік жастар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін той жасап берді
12 Маусым 2019, 13:13 218

Ақтөбелік жастар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін той жасап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтөбе қайырымды жандары» еріктілер тобы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап мерекелік кеш ұйымдастырды. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Қайырымдылық саласында белсенді жұмыс жасап келе жатқан ерікті жастардың бұл алғашқы шарасы емес. Бұған дейін қарттар үйінің тұрғындарына арнап «100 ата-әже кеші», мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Нағыз батырлар тойы» сынды кештерді өткізді. Мейірімді жастар бұл жолғы мерекелік күнді балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнаған.

«Кешімізге Темір, Мәртөк, Қобда аудандарындағы отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері және «АЯЛА» орталығынан жалпы саны сексенге жуық балалар шақырылды. Шара барысында мүмкіндігімізше балалардың барлық армандарын орындауға тырыстық. Әндер айтылып, би биленді, ойындар ойнатылды. ​ Аниматорлармен балалардың көңілдерін көтеріп, шын мәнінде бір «ғажайып ертегі әлеміне» енгендей әсерде болды. Шарамыздың соңында әр балаға сыйлық тартаратылды», - дейді «Ақтөбе қайырымды жандары» еріктілер тобының жетекшісі Әсем Жұмабаева.

Сонымен қатар, ерікті жастар әр түрлі жәрмеңке жасау арқылы жинаған 200 мың теңге қаржыны биыл мектеп бітіріп жатқан екі түлектің Тұрғын үй жинақ банкіндегі есеп шоттарына аударған.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық