Ақтөбелік полицейлер 5 қап есірткі тәркіледі

1 Ақпан 2019, 09:49
2560
Бөлісу:
Ақтөбелік полицейлер 5 қап есірткі тәркіледі

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде полиция қызметкерлері 100 килограмнан астам марихуана тәркіледі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Аktobenews.kz сайты жазды.

«Департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті 5 қап есірткі тәркіледі. 110 келі марихуана саяжай аумағындағы жертөле ішінен табылды. Полиция қызметкерлері 5 адамды ұстады», — деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Ескірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау, сату» бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы