Ақтөбелік келіншек "жоқ баланы" 780 мыңға сатқан

26 Мамыр 2020, 22:28
1165
Бөлісу:
Ақтөбелік келіншек "жоқ баланы" 780 мыңға сатқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 32 жастағы әйел бала сүйе алмай отырған отбасыға бала асырап алуға жәрдемдесу сылтауымен ақшасын алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 32 жастағы ақтөбелік әйел бала сүйе алмай отырған отбасыға бала асырап алуға жәрдемдесу сылтауымен, сеніміне кіріп, отбасыны сан соқтырған. Күдікті сол қызметі үшін отбасынан 780 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол танысының жақында сәбилі болатынын және ол баласынан бас тартатынын айтқан. Сондай-ақ бала туылғаннан кейін ғана бала асырау келісімін реттейтініне сендірген. Қомақты сома қолына түскен соң, түрлі сылтау айтып, кейін хабарсыз кеткен.

Арбауға түскен отбасы полиция бөліміне арызданған алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау қолхатымен босатылды.


Өзгелердің жаңалығы