Ақтөбеде көпбалалы аналарға үй салынып жатыр

7 Маусым 2019, 12:59
1384
Бөлісу:
Ақтөбеде көпбалалы аналарға үй салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс-2 ықшам ауданындағы «Қызғалдақ» тұрғын үй кешенінен көпбалалы аналарға да пәтер беріледі. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Center Group» компаниясымен бірлесіп, екі тұрғын үй салып жатыр. Бес қабатты тұрғын үйде 315 пәтер бар. Оның 75-і бір бөлмелі, 120-сы екі бөлмелі, 75-і үш бөлмелі және 45-і төрт бөлмелі болады. Алдағы уақытта коммерциялық пәтерлермен қатар көпбалалы, мұқтаж отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне осы тұрғын үйден баспана беріледі.

«Бұл «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының алғашқы жобасы. Біз 2 гектардан астам жер мен дайын жобалық-сметалық құжат бердік. Құрылыс компаниясы салып, бір бөлігін мемлекетке береді. 2019 жылдың аяғында құрылыс жұмысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Жоба құны – 3,1 миллиард теңге. Алдағы уақытта осы жолмен үй салу жұмысы жалғасады. Қазір жобаларымыз дайын», - деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылыс және жер қатынастары басқармасының бас менеджері Жамбыл Нұрбаев.

Өзгелердің жаңалығы