Ақтөбеде бірнеше колледж біріктіріледі

7 Ақпан 2019, 21:46
2595
Бөлісу:
Ақтөбеде бірнеше колледж біріктіріледі

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша бірнеше колледж біріктіріліп, кейбірі жабылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Биыл Жем көпсалалы қызметі жұмысын тоқтатты. 2018-2019 оқу жылында Бадамша агротехникалық колледжі қабылдау жүргізбеді. Яғни, маусым айында жабылады.

«Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі мен Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ғимараттары сақтала отырып, біріктіріледі. Ақтөбе байланыс және электротехникалық колледжі Автожол колледжінің ғимаратына көшіріліп, біріктіріледі», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. Ал 2020 жылы Қандыағаш пен Ембі колледждері біріктіріледі.

Өзгелердің жаңалығы