Ақтөбеде "Қазіргі заман қаһарманы" акциясы өтті

15 Қараша 2019, 21:02
3729
Бөлісу:
Ақтөбеде "Қазіргі заман қаһарманы" акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде "Қазіргі заман қаһарманы" Республикалық акцияға қатысушыларға құрмет көрсету шарасы салтанатты түрде аталып өтті. Ерлік  пен батырлықты насихаттауға бағытталған жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, тәртіп сақшыларын құттықтады.

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Тәртіп сақшылары – адамдардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын мамандық иелері" деп баға берген болатын.Өздеріңіз білесіздер, адам баласы үшін бейбіт, тыныш өмірден артық ештеңе жоқ. Ертеңгі күнге үмітпен қарап, алдағы армандарына нық сеніммен қадам басудан артық қандай бақыт бар. Тұрақтылық пен тыныштық болса, даму да болады.  Жалпы ел үшін де, әр отбасымен оның әрбір мүшелері үшін де қоғамдағы үйлесімділік өте маңызды. Осындай абыройлы іс, еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау бұл, өзін нағыз азаматпын деп санайтын ерлерге ғана лайық. Және әркімнің қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Халықтың бас амандығы мен мүлкін түрлі заңсыздықтардан қорғауды міндетіне алған қазақстандық полицияның, ішкі істер органдарының орны ерекше, - деп атап өтті облыс басшысы.
IMG-20191115-WA0071.jpg

Республикалық акцияға  қызметтік міндетін өтеу кезінде ерлік көрсеткен Нұр-Сұлтан, Алматы,Шымкент қалалары мен Атырау, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан  түрлі  қауіпті жағдайларда басын бәйгеге тіге отырып, қарапайым азаматтарды ажалдан арашалап қалған 15 азаматты облыс әкімі  Оңдасын Оразалин мен ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев Ішкі істер министрі атынан алғыс хаттарды табыстады.

IMG-20191115-WA0076.jpg

Сонымен қатар, Бақытжан Бейсеев  іс-шараны Ақтөбе өңірінде ұйымдастыруға атсалысқан облыс әкімі Оңдасын Оразалинге ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатын табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы