Ақтөбеде Ардагерлер аллеясы салынады

5 Ақпан 2019, 16:36
2593
Бөлісу:
Ақтөбеде Ардагерлер аллеясы салынады

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында ардагерлер аллеясы салынады. Әзірге нақты жері белгіленбеді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлады.


Ақтөбелік зейнеркерлер жаз айында жиналатын орын сұрады. Ақтөбе облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі бірігіп, жергілікті әкімдіктің қолдауымен Ардагерлер аллеясы салынатын болды.

«Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай көп іс қолға алынды. Бірінші Ардагерлер аллеясының орны бекітіліп, салынады. Құрылыс жұмыстарына балаларыңыз бен неремелеріңіз, әкімдік бірігіп кіріседі. Біз Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы аллеяны қайта жөндеуден өткізу ұсынысын айтқан едік. Бірақ ардагерлер қай жерді белгілесе, сол жерге аллея салынады», - деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Өзгелердің жаңалығы