Ақтөбе облысында 8 адам улы жәндіктерден зардап шеккен

22 Шілде 2019, 22:59
1688
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 8 адам улы жәндіктерден зардап шеккен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында бірнеше адам улы жәндіктерден зардап шекті. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

Соңғы екі айдың өзінде облыстық жедел жәрдем ауруханасына жылан мен белгісіз құрт түрлері шаққан төрт тұрғын түскен. Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, науқастардың өмірін сақтап қалды. Ал жыл басынан бері 8 ақтөбелік улы жәндіктерден зардап шеккен.

Былтырғы көрсеткіш бұдан екі есе көп. Әсіресе, өңірдің Байғанин, Қобда және Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласындағы бірнеше бау-бақша ұжымдарынан ауруханаға түсушілер жиілеген. Сондықтан да мамандар сақ болуды ескертіп отыр.

«Емді тағайындау бойынша алды. Жағдайлары жақсарды. Ешқандай науқастың асқынулары болған жоқ. Жылма-жыл салыстырғанда жағдай осындай 12-14 кейде августе көбейіп кетеді. Адам өзі білетін шығар сақтану жолдарын. Адам үйде жүргенде қарап жүру керек, өрмекшілер қоқыстар жиі жиналатын жерлерден шығады», - дейді облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бөлімше меңгерушісі Толқынай Рахматулина.

Өзгелердің жаңалығы