АҚШ-тың оңтүстік штаттарын қуаңшылық жайлады

11 Қазан 2019, 05:58
1597
Бөлісу:
АҚШ-тың оңтүстік штаттарын қуаңшылық жайлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың оңтүстік аймағындағы 12 штатта қуаңшылық жайлады, деп хабарлады 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл өңірлерде 45 миллион адам тұрады. Су тапшылығы шаруа қожалықтарына да оңайға соқпай тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, табиғаттың тосын мінезінен Джорджия, Алабама, Кентукки, Теннесси, Каролина мен Батыс Вирджиния штаттары көп зардап шеккен. Фермерлер жемнің тапшылығынан мал басын қысқартуға тура келеді деп уайымға батып отыр.

Өзгелердің жаңалығы