АҚШ-та үйдің үстіне ұшақ құлады

13 Наурыз 2019, 09:51
3124
Бөлісу:
АҚШ-та үйдің үстіне ұшақ құлады

Алматы, BAQ. Мадейра қаласында екі моторлы Piper шағын ұшағы әуеге көтерілген кезде істен шығып, тұрғын үйдің үстіне барып құлаған. Бұл туралы ABC телеарнасы хабарлады.

Апат болған жердегі кадрда ұшақтың жанып кеткенін көруге болады. 62 жастағы ұшқыш оқиға орнында көз жұмған.

Мәлімет бойынша, ұшақ тұрғын үйдің басым бөлігін қиратқан, алайда тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген, тіптен үйде болған екі ит те дін аман. Апат болған жерде АҚШ-тың федералды авиациядық басқармасының қызметкерлері жұмыс істеуде, әзірге ұшақтың құлауына не себеп болғаны анықталмаған.

Өзгелердің жаңалығы