АҚШ әскері сақадай сай тұр – БАҚ

3 Қаңтар 2020, 13:18
6161
Бөлісу:
АҚШ әскері сақадай сай тұр – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды.

АҚШ билігі ирандық генерал Касим Сулейманидің қазасынан кейін елдің әскери күшін соғысуға толық дайындау туралы бұйрық берді. Бұл туралы 3 қаңтарда Fox News басылымына сілтеме жасап korrespondent.net  агенттігі хабарлады.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп генералдың өлімі туралы хабарламадан кейін өзінің Twitter парақшасына АҚШ  туын жүктеп, астына ешқандай жазба қалдырмады. 

Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады.
Өзгелердің жаңалығы