Ақмола облыстық ауруханасына «Триаж» жүйесі енгізілді

14 Наурыз 2019, 12:03
5533
Бөлісу:
Ақмола облыстық ауруханасына «Триаж» жүйесі енгізілді
PHOTO
Фото: автордан

Ақмола, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында «Триаж» жүйесіне негізделген жедел медициналық көмек көрсету орталығы ашылды.

Облыстық аурухана 22 бағыт бойынша облыс тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Заманауи құрылғылармен жабдықталған емдеу мекемесінде 235 дәрігер қызмет етеді. Былтыр 24 622 науқасқа ем жүргізілген.

Көпсалалы облыстық аурухана директоры Нұрлан Жаровтың айтуынша, емдеу мекемесіне енгізілген Триаж-жүйе бойынша науқас алдымен тіркеуге алынады, кейін әр дәрігерге қаралып жүрмейді. Зертхана арқылы қажетті сараптамалар жасалып, бірден диагнозы анықталып, қажетті ем шаралар жүргізіледі. Қажет болған жағдайда шағын ота да жасалады.

Ақмола облыстық ауруханасына «Триаж» жүйесі енгізілді

«Триаж-жүйе бойынша түскен науқастар санаттары бойынша шұғыл, жоспарлы және өздігінен қаралу болып бөлінеді. Осыған сәйкес науқастың жағдайына байланысты қызыл, сары немесе жасыл білезіктер тағылады. Мұндай жүйе әлемнің көптеген елдерінде тиімді жұмыс істеуде. Бір атап өтерлігі, бұл процесс жылдам өтеді. Қызыл ағын – дереу көмек көрсетілуі тиіс пациенттер, сары ағын – шұғыл көмек қажет ететін науқастар, жасыл ағын – бұл пациентті қабылдау, қызмет көрсету, бағыт беру, қажет болған жағдайда жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылады», – деп түсіндірді Нұрлан Жаров.

Дәрігерлердің айтуынша, Триаж жүйесін енгізу пациенттердің шағымдарын, сонымен қатар жазатайым оқиғаларды азайтуды көздейді.

Ақмола облыстық ауруханасына «Триаж» жүйесі енгізілді

«Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім оқиғалары алғашқы орында екенін ескере отырып, кардиохирургиялық көмекті жақсартуға көп көңіл бөлінуде. Аурухананың барлық кардиологиялық қызметі «Жүрек орталығы» оңалту корпусында шоғырланған. Орталықта кардиохирургиялық, кардиологиялық бөлімше және оңалту бөлімшесі, қабылдау бөлмесі, рентген-эндоваскулярлық хирургия кабинет, операциялық блок, реанимациялық палата мен анестезиологиялық қызметі бар. Науқастарды емдеумен қатар оңалту да жүргізіледі. Осы ретте, құрал-жабдықтарды жаңартуға, инновациялық технологияларды енгізуге мол қаражат бөлініп отыр. Ақылы қызмет көрсету есебінен түскен 21 млн 508 мың теңгеге ингаляциялық анестезияға арналған аппарат, биохимиялық анализатор, холтеровскомониторизация құрылғысы сатып алынды», – дейді Нұрлан Жаров.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жасанды қанайналым аппараты, жүрек және өкпе функцияларын қолдауға арналған жүйе, УДС аппараты және тағы бірқатар жабдықтармен қамтылған. Жаңа технологияларды енгізу аясында алынған өкпені қосымша оттегімен қамтамасыз ететін экстракорпоралдық мембраналық оксигенация аппараты арқылы көп нәтижелерге қол жеткізілуде.

Ақмола облыстық ауруханасына «Триаж» жүйесі енгізілді

«Кардиохирургия бойынша бізде жыл сайын ашық жүрекке 200-ге жуық ота жасалады. Санавиация желісімен бізге Бурабай ауданынан өкпе қабынуы диагнозымен пациент жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Тексеру барысында жаңа технология мүмкіндігін пайдаландық. Емделуші 11 тәулік ЭКСМО аппаратында жатты. Өкпені жасанды желдетумен дәстүрлі ем тиімсіз болған кезде жіті ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқасқа да көмек көрсетілді. Осы құрал-жабдықтарсыз біз пациенттен айырылып қалар едік», – дейді көпсалалы облыстық аурухана директорының хирургия жөніндегі орынбасары Дмитрий Чайков.


Әсем Ұланқызы

Фото: автордан

Өзгелердің жаңалығы