Бас жаңалықтар
Министр: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
08 Қазан 2021, 16:37 15126

Министр: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияны алмағандар жұмысқа жіберілмейтіні туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бұйрық бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек.

Айта кетейік, 2021 жылғы 7 қазанға дейін елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 810 611 адам алған. Екпенің екінші компонентін салдырғандар саны - 6 828 545 адам.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...