Аға буынға арналған Ұлттық жоспар қабылданады

25 Маусым 2020, 11:00
1891
Бөлісу:
Аға буынға арналған Ұлттық жоспар қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық жоспарды келесі айда қабылдау жоспарланып отыр, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Аға буын, үлкендерге қатысты тағы бір жақсы бастаманы қолға алып жатырмыз. Ресми статистика бойынша, елімізде 65 жастан асқан адамдардың үлесі көбейіп келе жатыр. Мысалы,2015 жылы 6,8 пайыз болса, 2020 жылы 11 пайызға тең болып отыр. Бұл үлкендердің саны азайып емес, көбейіп барады деген сөз. Ол кісілер отыра алмайды, қоғамдық жұмыс істегісі келеді. Басқа шаруалармен айналысып, шүйіркелесіп, кездескісі келеді, - деді ол. 

Министр Алматы қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» негізінде Ұлттық жоспар әзірленіп жатқанын айтты. 

Келесі айда қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ол үлкендерге қатысты заңнамаларды жетілдіру, заманауи дағдыларға бейімдеу, өмірлік тәжірибесімен жастармен бөлісу, жасына қарай көңіл бөлу, күтім жасау, денсаулық жағдайы бойынша заңнаманы жетілдіру, әлеуметтік көмек көрсету, бос уақытын өткізу сынды шараларды қабылдаймыз, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы