Ақтөбеде Қытай фотокөрмесі өтуде

13 Қараша 2019, 16:40
3680
Бөлісу:
Ақтөбеде Қытай фотокөрмесі өтуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы "Жұбановтар әлемі" мәдениет және өнер шығармашылық орталығында ҚХР құрылуына 70 жыл толуына орай "Жетістіктің 70 жылдығы" фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі.  

Ашылу салтанатына ҚР ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо, Жұбанов атындағы АӨМУ университетінің халықаралық қатынастар орталығының директоры және Қазақстан тарапындағы Конфуций институтының директоры Шоқым Гүлжан қатысты.   

Өз сөзінде ҚР ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мырза аталған көрменің Қытай Халық Республикасының құрылуына 70 толуына арналған көп шараның бірі екенін атап өтті.  
Бізді, елшілік үшін осы шараның ұйымдастырушысы ретінде көрмеге келетін көрермендердің көп болуы қуантады. Бұл халықтың оң көзқарас, қолдау және шараның сәтті өтіп жатқанына кепіл саналады. Бұл көрмеде біз қысқаша Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бері жүріп өткен 70 жылдық жолды көрсеткіміз келеді. Қытай үшін бұл оңай емес, бірақ айрықша жылдар болды. Бұл уақытта мемлекетіміз үлкен жетістікке жетті. Шеге мен сіріңке де шығарылмайтын ел әлемдегі екінші экономикаға айналды. Бұл көрмені неге нақты Ақтөбе облысында өткізуге бел будық? Себебі, бұл Қазақстандағы ең дамыған әрі ірі облыстарының бірі. Ол бүгінде "Бір белдеу – бір жол" бастамасын жүзеге асыру аясында елдер арасындағы серіктестікті дамытуда маңызды роль ойнайды, - деп қосты Чжан Сяо мырза.
кит1.jpg

Ол осындай шаралардың Қазақстан мен Қытай арасында бірнеше жылдар бойы қалыптасқан көршілес қатынасты нығайтуға сеп болатынын, ал жаңа кезеңде одан биік деңгейге көтеретінін атап өтті. Бұған ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйекте Пекиндегі ұлттық жиын үйінде мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынасты дамыту шешімі дәлел деді Чжан Сяо мырза. Оның айтуынша, Қытайдың сыртқы саясатта басқа елдермен мұндай тәжірибесі болмаған.
Сондықтан, біз ең ыстық және достық қатынасты нықтауымыз керек, - деді ол. 
Жұбанов атындағы АӨМУ университетінің халықаралық қатынастар орталығының директоры және Қазақстан тарапындағы Конфуций институтының директоры Шоқым Гүлжан ұйымдастырушыларға осындай айрықша шараны Ақтөбеде өткізгеніне алғыс білдірді. Сондай-ақ, фотокөрменің мәдени құндылықтармен алмасып, достық қатынасты реттеудегі маңызын атап өтті. 

кит2.JPG
Мен ҚХР құрылғанына 70 жыл толуына орайластырылған осынау фотокөрмеге қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бұл көрме біздің 70 жыл бойғы жақын көрші екенімізді, экономиканың барлық саласында жақсы серіктес болғанымызға дәлел. Көрме жәдігерлеріне қарап біз Қытай Халық республикасының экономика, өндіріс, спорт және мәдениет сынды салалардағы жетістігіне куә боламыз, - деді ол. 
Фотокөрменің мақсаты  әлем халқына Қытайдың уақыт межесіндегі өткенін, бүгінін және болашағын көрсету.  Көрме жәдігерлері 3 тақырыптық топқа жіктелген: "Қытай халқы аяққа тұрды", "Алға, жаңа дәуірге нық қадам" және "Реформалар мен ашықтықтың жарқын сәті". Олар көрерменге жетістікке жету жолындағы күресті ғана емес, 70 жылға жалғасқан аспан асты еліндегі Қытайға тән социализмді құрудағы қиындықтарды да паш етеді. 

кит3.JPG

Мысалы, 1949 жылдың 1 қазаны сағат 15:00 түсірілген бірегей фотода  Мао Цзэдунның ҚХР құрылуына орай өткен салтанатты шарада "ҚХР орталық ұлттық үкіметінің декларациясын" жариялау сәті бедерленген.

Соңғы 20-30 жылдардағы суреттерде Қытайдың әлем алдыңдағы үлкен жетістігі: спорттық шаралар, ғылыми жаңалықтар, өндіріс – барлығы да бүгінде жаһандағы ұлы державалардың бірінің 70 жылдық тарихын әспеттейді. 

кит4.JPG

70 жыл ішінде  Қытай халқы бірігіп, экономикасы еселенген, өндірісі дамып, басқа да жетістікпен көмкерілген тарихи жолды өткерді. Бүгінде Қытай – бейбітшілік, даму, серіктестік және тиімділік тұжырымын ұстанатын мемлекет. Көрме 14 қараша дейін жалғасады. 
Өзгелердің жаңалығы