Қарағанды облысында ұлттық парк өртеніп жатыр

13 Тамыз 2019, 10:16
2620
Бөлісу:
Қарағанды облысында ұлттық парк өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің территориясына тиесілі орман өртеніп жатыр. 

«12 тамыз күні сағат 17:26 өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жердегі «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Бақты орман шаруашылығының учаскесінде құрғақ шөп жанып, орман алқабын шарпып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт болған жерді барлауға арнайы тікұшақ та жіберілді», - деді ведомствоның арнайы өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Алдын ала болжам бойынша, өрт орман алқабының 70 гектар жерін шарпыған. Өртті сөндіруге 144 адам мен 25 техника жұмылдырылған.



Өзгелердің жаңалығы