Бас жаңалықтар
Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары өтті
23 Мамыр 2019, 12:52 232

Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары өтті. 

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Қайсарды» қабылдады. Жақында ел чемпионатында дәл осы командаға Қызылордада ұтылған еді. Соның есесін қайтаруды көздесе керек әрі финалға шығуды да ойлайды. 

Тартысты өткен кездесуде «Тобыл» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын Максим Федин соқты. Ол матчтың 73-минутында оң қапталдан Никита Бочаровтың әуелетіп берген добын Исламқұловтың қақпасына баспен соқты.  

«Қайсардың» әлі де финалға шығатын мүмкіндігі бар. Ол үшін 19 маусымда Қызылордадағы ойында кемі 2 гол айырмашылығымен жеңіске жетуі тиіс. 

«Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:0  Гол: Федин, 73 (1:0).
«Тобыл»:  Балаев, Бочаров, Дмитренко, Кассай, Клещенко, Валиуллин, Жулпа,  Канкава, Нұрғалиев, Федин (Жарынбетов, 90+2), Тұрысбек (Гордейчук, 80).
«Қайсар»: Исламқұлов, Ламанж, Марочкин, Граф, Әмірсейітов, Гурман, Нәрзілдаев (Зенькович, 80), Тағыберген, Джошуа (Абзалов, 90+1),  Барсегян,Мбомбо (Пуношевац, 60).



Ал екінші жұпта Шымкентте «Ордабасы» мен «Атырау» кездесті. Бұл ойын тең аяқталды. Бірінші таймда Абдуллай Диакате пенальтиден есепті ашқан. Ал екінші кезеңде стандарттан кейін Эдуард Сергиенко таразы басын теңестіріп кетті. Осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды.

«Атырау» осыған дейін екі жыл қатарынан финалға шыққан болатын. Осы жолы да жақсы мүмкіндік туып бар. Финалдың жолдамасы 19 маусымдағы қарымта ойында шешіледі. 

«Ордабасы» (Шымкент) – «Атырау» (Атырау)  –1:1
Голдар:  Диакате, 17-пенальтиден (1:0). Сергиенко, 68 (1:1). 
«Ордабасы»:  Непогодов, Быстров, Фонтанелло,  Даутов, Малый, Төлебек (Досмағамбетов, 70),Диакате, Махлангу, Бадибанга (Механович, 75), Пауло, Жаңғылышбай (Щеткин, 59);


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық