Бас жаңалықтар
Түрксібтің 90 жылдығына қатысты викторина басталды
14 Шілде 2020, 23:11 158

Түрксібтің 90 жылдығына қатысты викторина басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Түркістан – Сібір магистралының 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды жалғастыруда.

Бұл жолы барлығы қатыса алатын "Сіз Түрксібті білесіз бе?" виртуальды викторинасы бастау алғаны жарияланды.

Конкурс 2020 жылдың 13 пен 19 шілдесі аралығында өтеді. Викторина қатысушылары үшін жауаптарды өткізу мерзімі 2020 жылдың 24 шілдесі, ал 27 шілде мен 7 тамыз аралығында қорытындысы шығарылады және де жеңімпаздар мараптталады. Қатысушылар әрқайсысына төрт жауап нұсқасы бар 25 сұраққа жауап беруі тиіс.

Бонустар ретінде жеңімпаздар сыйлықтар алады. Сонымен, 1-орын үшін жеңімпаз 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін кез келген күнге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша барып және кері қайтуға "Тальго" коммерциялық пойыздарының "Гранд" класты вагонымен жол жүруге 99% көлемінде жеңілдік алады, 2-орын үшін – "Бизнес" класты вагонымен жол жүруге 99% көлемінде жеңілдік, 3-орын үшін – "Турист" класты вагонымен жол жүруге 99% көлемінде жеңілдік.

 Ұйымдастырушы – компанияның Техникалық орталығы өкілдерінің сөзіне қарағанда, бұл викторина Қазақстан темір жолдары тарихына сүйіспеншілік дағдысын сіңіруге көмектеседі, қатысушылардың еліміздің тарихы мен өткеніне қатысты сезімін қалыптастыруға қызмет етеді.

Қатысу шартының толық сипаттамасымен компанияның корпоративтік сайтынан танысуға болады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...