Бас жаңалықтар
76 отандасымыз Украинадан елге оралды
27 Наурыз 2020, 13:06 214

76 отандасымыз Украинадан елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елшілік дипломаттары Қазақстанға қайтатын азаматтарымыздың тізімін әзірлеп, "Киев – Алматы – Киев" бағытында чартерлік рейс ұйымдастырды.

Коронавирустық инфекцияның жылдам таралуына байланысты біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 27 наурызда Украинадан Қазақстанға тағы 76 отандасымыз сәтті оралды.

Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін елшіліктің дипломаттары ауқымды жұмыс атқарып, соның ішінде Қазақстанға қайтатын азаматтарымыздың тізімін әзірлеп, "Киев – Алматы – Киев" бағытында чартерлік рейс ұйымдастыру үшін тиімді әуекомпаниясын анықтау, қазіргі әлемдегі қиын жағдайда логистика мәселесін шешу және басқа да көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

Біздің Украинадағы дипломаттарымызға азаматтарымыздың игілігі үшін қажырлы еңбек етіп, қойылған міндеттерді адал орындағаны үшін, сондай-ақ ҚР СІМ жедел штабындағы әріптестерімізге бүкіл әлем бойынша елшіліктер қызметкерлерінің жұмысын тиімді үйлестіргені үшін алғыс білдіреміз, - делінген СІМ таратқан хабарламада.

Фото: дереккөз
Загрузка...