Жеңіс-75. "Біз –Жеңістің мұрагеріміз!" эстафетасы Атырауда

27 Ақпан 2020, 17:45
2659
Бөлісу:
Жеңіс-75. "Біз –Жеңістің мұрагеріміз!" эстафетасы Атырауда
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласынан басталған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы Атырау қаласына келіп жетті. Эстафетаның негізгі атрибуты генерал-майор Иван Панфилов атындағы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін қарсы алу-тапсыру салтанаты Жеңіс саябағындағы іс-шарамен жалғасты.

Эстафета 2.jpg

Эстафетаның мақсаты – Қазақстандық жауынгерлерінің ҰОС-дағы ұлы ерлігін тағзым ету. Бүгін Қызылорда қаласынан Жауынгерлік ту Атырау қаласына келіп отыр. Ары қарай жауынгерлік ту еліміздің 9 ірі қалаларында өз жолын жалғстырып, кейін 9 мамыр күні еліміздің астанасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жеңіс парадында өз жолын аяқтайды,-деді "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары Бахыт Алазов.

Эстафета 1.jpg

Даңқты панфиловшылар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі республикалық маңызға ие 3 қаладан, облыстық деңгейдегі 14 қала мен шағын 7 қаладан өтетін болады. Ал эстафетаның Қазақстан аумағын теміржол және автокөлікпен шарлаудағы жолы 11 мың шақырымды құрайды.

Эстафета 3.jpg

Эстафета аясында Ұлттық Ұланның әскери-үрмелі оркестрі ел бойынша 50-ден астам концерт қойып, соғыс және еңбек ардагерлерімен 68 кездесу өткізеді деп жоспарланған. Салтанатты шара кезінде Ұлы Отан соғысының ардагері, 97 жастағы Құрманбай Досымбетұлы Жауынгерлік Туды сүйіп, бейбіт заманның қадірін білуге шақырды.

Эстафета 4.jpg

Болашақтарың ашық, еңбектерің жемісті болсын.Өмір жастарың ұзақ болсын. Бақытты болыңдар. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай.Қазақстан жасай берсін,-деп Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманбай Досымбетов көпшілікке ақ батасын берді.

Эстафета 5.jpg

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш эстафета 2018 жылы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесімен бекітілген.

Өзгелердің жаңалығы