Бас жаңалықтар
7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
07 Желтоқсан 2019, 08:27 1170

7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын, шығыста кей жерде қатты жауын-шашын түседі, көбінесе қалың қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Тек республиканың батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады.

Республиканың кей жерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын, күшті жел соғады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында өте қатты жел соғады, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерінде 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с болжанады, кей жерде көктайғақ, тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының түнде кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...