5 маусымға арналған ауа райы болжамы

5 Маусым 2020, 08:22
1731
Бөлісу:
5 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусымда елімізде құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің тек оңтүстігі мен солтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында желдің күші күндіз 23-28 м/с артады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады. Кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы