5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

5 Қаңтар 2019, 09:15
1518
Бөлісу:
5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. Синоптиктер 5 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжайды. 

Қазгидрометтің мәліметінше республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы