Бас жаңалықтар
"31 арнаның" бұрынғы директоры ДСМ-нің ресми өкілі болып тағайындалды
31 Шілде 2020, 18:50 386

"31 арнаның" бұрынғы директоры ДСМ-нің ресми өкілі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "31 арнаның" бас директоры Бағдат Қожахметов компаниядағы қызметінен кетті. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.

Бағдат Қожахметов 1973 жылы 25 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. 1992-1996 жылдары - "Қазақстан", "Астана", "Хабар" телеарналарында директор, ақпараттық-талдау бағдарламасының жауапты редакторы, продюсер, бас редактор және көптеген радио және теле жобаның авторы болды. 

Соңғы бес жылда ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы, "Қазақстанның халық банкі" АҚ қоғаммен байланыс және маркетинг департаментінің директоры, "Рейтинг плюс" PR-агенттігінің бас директоры болып қызмет атқарды. Тағайындалуына дейін "31 арна" телеарнасының бас директоры болды. 

2004 жылы халықаралық "Вместе" телефорумында "Үздік бағдарлама жүргізушісі" атанды. "Айбын" орденінің иегері. 

Телеарнадағылардың айтуынша, Бағдат Қожахметов 2018 жылдың 31 қазанында бас директор қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Компаниядағылар Бағдат Қожахметовке көп жыл уақыт бойы телеарнаны тиімді басқарғаны үшін және бірнеше жобаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін алғыс айтады, - делінген арнаның ресми сайтында.

Бұған қатысты Қожахметовтің өзі де пікір білдірген.

Кететін уақыт келді. 7 жыл жұмыс істедім. Енді қайда жұмыс істеймін? Жоспарларым жайлы кейінірек айтамын. Бірақ осы салада қаламын, - деді ол.

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап бас директордың міндеттерін уақытша Евгения Гуляева атқаратын болды.

Евгения Гуляева "31 арнадағы" еңбек жолын 2008 жылы қаржы директоры қызметінен бастаған. Ол бұл арнада 10 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. 7 жыл бойы бас директордың орынбасары қызметінде болған. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚР ДСМ-нің ресми өкілі қызметін Диас Ахметшәріп атқарған болатын. 


Фото: дереккөз
Загрузка...