29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

29 Қыркүйек 2019, 09:05
1942
Бөлісу:
29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қар теңізі аймағындағы Солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын жалгастырып, тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауып, күндіз оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашынды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста  бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Жамбыл облыстарының таңертең және күндіз кей жерлерде найзагай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, Алматы облысында бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20, Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 25 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде 3 градус аяз сақталады.   

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Карағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы