Бас жаңалықтар
28 мың қазақстандық зейнетақы жинағына пәтер сатып алды
22 Ақпан 2021, 22:44 570

28 мың қазақстандық зейнетақы жинағына пәтер сатып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зейнетақы жинағын алған 28 мың қазақстандық қарыздарын өтеп, пәтер сатып алған. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады.

Достар, enpf-otbasy.kz онлайн  платформасы іске қосылғалы бері 28 мыңнан астам қазақстандық ипотека рәсімдеп, қарыздарын өтеп, пәтер сатып алып үлгерген! 1 айдан аз уақыт ішінде ондаған мың отандасымыз қоныс тойын тойлады. Бағдарламаға қатысушылардың 46% – ы Отбасы банкінің тиімді бағдарламаларын пайдаланып,  жаңа баспанаға қол жеткізген және несиелерін өтеген. 11 мыңнан астам қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін  басқа екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық қарыздарын өтеуге жұмсаған. Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен 4 мыңнан астам адам жаңа баспанасын ипотекасыз толық сатып алған. Зейнетақы қаражатын басқа мақсатқа жұмсауға ниет білдірушілер саны аз болды, бар болғаны 0,7% құрады , – деп жазылған банктің Instagram-дағы парақшасында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...