Бас жаңалықтар
Астанада 2500-ден астам адамға жалақы бойынша берешек төленді
16 Шілде 2019, 09:10 149

Астанада 2500-ден астам адамға жалақы бойынша берешек төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 540 млн теңгеден астам сомаға 2540 жұмысшыға жалақы бойынша берешек өтелді, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында. 

Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасының ақпараты бойынша, астаналықтар көбінесе еңбекақы төлемеу мәселесі бойынша, ал кейбіреулері - жұмыстан заңсыз босату, тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану, еңбек жағдайларын өзгерту және т. б. еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға жүгінеді.  

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, негізінен жалақыны кешіктіру немесе төлемеу көпшілігі күзет қызметін көрсетумен айналысатын, қоғамдық тамақтандыру және құрылыс саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындарда кездеседі. 

Айта кетейік, еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Заңмен ескерту және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық