24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

24 Қыркүйек 2019, 08:31
1521
Бөлісу:
24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Түнде кей жерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз жаңбыр жауады, кей жерде найзағай, тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерінде жел, өте қатты екпінді жел солтүстік аумақтарда сақталады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күшейюі күтіледі, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысында жел 15-20, кей жерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күшейюі күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.   

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі    

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы