23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтіледі

19 Қаңтар 2021, 21:16
1315
Бөлісу:
23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осы және басқа да шектеулер 23 қаңтар күні сағат 00-ден бастап Қарағанды облысының барлық аумағында енгізіледі. Бұл туралы Saryarqa YouTube-арнасында өткен брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.
Осы жылдың қаңтар айында өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 44%-ға немесе өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе өсуі байқалады. 18 қаңтардан бастап Қарағанды облысы "сары" аймаққа енді. Осыған байланысты бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды, - деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

ХҚКО-лардың, банктердің және «Қазпочта» бөлімшелерінің жұмысы 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. Олар алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істейді (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып).

Қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйымдар штатының 60% ұашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шараларсыз.

Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді.

Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады.  Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады.

Кинотеатрлар көрермендермен толығуы  20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін).

65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз далаға шығуды шектеу ұсынылады.

Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, массаж салондары, СОО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілері, ондағы азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды, сұлулық салондары мен химиялық тазартқыштарды қоспағанда, қызметі тоқтатылады.

Жұмыс күндері сауналар, моншалар, СПА және массаж салондары 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері облысішілік қалааралық тұрақты жолаушылар тасымалының қозғалысы тоқтатылады:

Қарағанды-Теміртау - Қарағанды, Қарағанды - Саран - Қарағанды, Қарағанды - Абай - Қарағанды, Қарағанды - Шахтинск - Қарағанды, Қарағанды - Шахан - Қарағанды, Қарағанды - Топар-Қарағанды.

Коронавирустың алдын-алу көбінесе өзімізге байланысты. Масканы киіп жүру екі, тіпті үш есеге дейін аурудың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз осы індетпен күресте, оның ішінде біздің өміріміз үшін, туыстарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресте нәтижеге қол жеткізе аламыз, - деді Юрий Залыгин облыс тұрғындарына.

 

Өзгелердің жаңалығы