21 қазанға арналған ауа райы болжамы

21 Қазан 2019, 08:33
1814
Бөлісу:
21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Тек оңтүстік  және шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерде –төменнен соққан бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман түседі деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде төменнен соққан бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде шаңды дауыл, жел 15-23 м/с күшейеді деп күтілуде. Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі

Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы