2025 жылға дейін тағы 299 мектеп жаңартылады – Жеңіс Қасымбек

1 Қараша 2021, 16:45
960
Бөлісу:
2025 жылға дейін тағы 299 мектеп жаңартылады – Жеңіс Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Facebook парақшасында мәлімдеді.

№2 «Білім-Инновация» лицей-интернаты оқушыларының ата-аналары оқу орнындағы жағдайды жақсарту қажеттілігі туралы көтеріп отырған мәселелері орынды. Олар мектеп және жатақхананың ғимараты мен жылу беруге қатысты алаңдаушылық білдіруде. Бұл мәселені шешу қажет, – деді Қарағанды облысының әкімі.
Жеңіс Қасымбек осы мәселені шешу үшін Білім басқармасына бірқатар тапсырма бергенін жазды.
Осы орайда қала әкімі мен Теплотранзит мекемесіне мектеп пен басқа да көршілес нысандарды орталық жылуға қосуды жеделдетуді және Білім басқармасына мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырдым. 2022 жылғы бюджетте бұл жобалар ескеріледі, – деді ол.

Оның сөзінше, биыл облыстың 166 мектебі жөнделді. Ал 2025 жылға дейін тағы 299 мектеп жаңартылады.

Өзгелердің жаңалығы