2022 жылы «Астана» атауы өзгереді

8 Қазан 2021, 19:10
8010
Бөлісу:
2022 жылы «Астана» атауы өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік турдағы Astana – Premier Tech велокомандасы 2022 жылы атауын өзгертеді. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

Жаңа маусымнан бастап қазақстандық жобаның атауы Astana Qazaqstan Team болады.

Команда баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Qazaqstan - мемлекеттік халықаралық аренадағы жаңа бренді, ол ғасырлар бойы жалғасқан дәстүр, тіл, мәдениет пен даму стратегиясын көрсетеді.

Күн сайын әлемде, оның ішінде спорт әлемінде де өздеріңіз куә болып отырғандай сан түрлі жаңалықтар болып жатыр. Мән-маңызы зор жаңалықтың бірі - «Астана» кәсіби спорт клубының» құрамындағы велокомандаға қатысты жаңалықтан хабардар болыңыздар. Әлемдік турларда еліміздің атынан өнер көрсетіп жүрген Astana-Premier Tech кәсіби велокомандасы 2022 жылы жаңа ASTANA QAZAQSTAN TEAM атауына ие болады, -дейді ол.

Сонымен қатар ол ағылшын транскрипциясындағы ел атауының дұрыс екенін айтты.

Qazaqstan - бұл халықаралық аренадағы ғасырлық дәстүрлерді, тілді, мәдениетті және қазіргі әлемдегі елдің даму стратегиясын біріктіретін жаңа бренд. Айта кетейін, Qazaqstan - бұл Қазақстанның ағылшын транскрипциясындағы ең дәл және дұрыс атауы, -делінген желідегі жазбасында.

Өзгелердің жаңалығы