2021 жылы коммуналдық қызмет тарифі өспейді

25 Қараша 2020, 13:40
1543
Бөлісу:
2021 жылы коммуналдық қызмет тарифі өспейді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев мәлім етті. 

Оның айтуынша, бұған инвестициялық жобаларды кейінге шегеру, қызметтерді оңтайлардыру нәтижесінде қол жеткізілмек.

Бүгінгі күні 254 нысан тарифтердің шекті деңгейінде жұмыс істейді, оның ішінде 2021 жылы 189 қызмет бойынша жаңа шекті тарифке шығу күтілуде. Қазіргі уақытта комитеттің қарауында 2021-2025 жылдарға арналған тарифтердің жаңа шекті деңгейлерін бекітуге арналған 142 өтінімі жатыр, - деді ол. 

Алайда комитет алдағы жылы тарифтерді өзгертуде төрт негізгі қағидатты басшылыққа алмақ.

Олар  - халық үшін тарифтер мен бағалардың өсуін тежеу, тарифтік сметаның шығындарын азайту, инвестициялық бағдарламалардың тиімділігін арттыру, тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету. Инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалуы туралы, сондай-ақ тұтынушылар алдында жария тыңдаулар және қоғамдық қабылдаулар өткізу, өңірлік сараптама комиссияларының жұмысын жандандыру және «Монополист» базасын дамытуды көздеп отыр. Осының нәтижесінде комитет алдағы жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында тарифтердің өзгеруі күтілмейтінін жария етеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы