Бас жаңалықтар
2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды – Тоқаев
10 Шілде 2020, 13:08 131

2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керек. 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...