2020 жылы 70 объекті сату жоспарланып отыр – Жамаубаев

11 Тамыз 2020, 10:38
1056
Бөлісу:
2020 жылы 70 объекті сату жоспарланып отыр – Жамаубаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.

Мемлекеттік аудит ойынша өткен 7 айда камералдық бақылаумен сомасы 7,5 трлн теңгеге 1 млн-нан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 647 млрд теңгеге бұзушылықтар ескертілді. 933 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 543 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 168 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарлар жеткізілімін қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 161,5 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 834 ұсыным берілді. Оның ішінде 691 атқарылды, - деді министр.
Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік активтерді басқару бойынша 2016-2020 жылдарға арналған "Жекешелендірудің кешенді жоспары" 93%-ке орындалған. 
2020 жылы 70 объекті сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 40-ы сатылымға шығарылды. Есепті кезеңде сомасы 88,4 млрд теңгеге 6 объект сатылды. Сауда-саттықта 34 объект тұр. 4 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға бағытталған. 26 объект жыл соңына дейін сатылымға қойылатын болады, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы