Бас жаңалықтар
20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
20 Қаңтар 2020, 08:13 230

20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Қазақстанның барлық аумағына дерлік солтүстік және оңтүстік циклондары және атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста қар жауады, оңтүстікте көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Түркістан ​​облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі.

Алматы облысында түнде Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 17-22 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...