15 қаңтарда Парламент отырысы өтеді – Тоқаев

10 Қаңтар 2021, 11:52
1507
Бөлісу:
15 қаңтарда Парламент отырысы өтеді – Тоқаев
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Дауыс берген соң Президент БАҚ-тың сұрағына жауап берді. 

Бұл сайлау демократиямыздағы алғашқы қадам деп ойлаймыз. Әрбір сайлау - азаматтық қоғам үшін үлкен сынақ. Мен Парламентте әртүрлі партия болатынына үміттенемін. Парламентте елдің тағдыры мен болашағына қатысты пікірталастар болуы керек, - деді ол. 

Мемлекет басшысы 15 қаңтарда Парламент отырысы өтетінін айтты. 

Қаңтардың 15-інде Парламент пен депутаттар алдында сөз сөйлеймін. Жаңа Мәжілістің құрамы да қатысады. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді. Онда реформалар талқыланады. Ең алдымен – реформа. Реформаларды міндетті түрде жалғастыру керек, - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осы уақытқа дейін Премьер-министр Асқар Мамин,  ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент аппаратының басшысы Ерлан Қошанов, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, белгілі спортшы Ольга Рыпакова мен Жазира Жаппарқұл дауыс беріп үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы