ҚХП төрағасы өз таңдауын жасады

10 Қаңтар 2021, 08:26
1696
Бөлісу:
ҚХП төрағасы өз таңдауын жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров елордадағы №66 мектептегі сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Биылғы сайлауға 5 партия қатысып жатыр. Атап өтсек, Қазақстан халық партиясынан 113 кандидат тіркелген болатын.

ҚХП төрағасы өз таңдауын жасады

ҚХП төрағасы өз таңдауын жасағаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, сайлау учаскесінің жұмысына оң баға берді.

Бүгін Қазақстан Республикасының саяси өміріндегі өте маңызды күн. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарын сайлау өтіп жатыр. Менің ойымша, әр адам өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, өзі таңдаған партияға дауыс беруі тиіс. Тиісінше, олар мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік саясатына ықпал етуі үшін, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына шешім қабылдауға ықпал ете алады. Бұл сайлауға қатысып жатқан барлық партия үшін басымдық болып есептеледі, - деді ол.

ҚХП төрағасы өз таңдауын жасады

ҚХП төрағасы сайлау әділ өтетінін және Мәжіліске өткен партиялар сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыра алатынынан үмітті екенін айтты.

Сөз соңында қазіргі пандемия жағдайында денсаулықты сақтап, халықты өз-өздерін күтуге шақырды.

ҚХП төрағасы өз таңдауын жасады

Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Елордадағы №66 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне 2917 адам тіркелген. Таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлаушылар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдауларын жасап жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы