Бас жаңалықтар
13 маусымға арналған ауа райы болжамы
13 Маусым 2019, 08:15 331

13 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ."Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігінде найзағаймен жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде жел 17-22 м/с жетеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл, жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-23 м/с, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының кей жерінде қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық