Елімізде дін мәселелері бойынша «114 қауырт желісі» жұмыс істеп тұр

9 Қазан 2020, 18:39
1689
Бөлісу:
Елімізде дін мәселелері бойынша «114 қауырт желісі» жұмыс істеп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Дін мәселелері бойынша «114 қауырт желісі» жұмыс істеп тұр.

Жобаның жұмысы 2020 жылдың тамыз айында ҚР АҚДМ қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында бастады.

«114 қауырт желісі» - бұл дінге қатысты мәселелер бойынша көмекке мұқтаж барлық адам үшін тегін сенім телефоны және чат-сайт. Құрамында танымал психолог, ҚР психологтар мен психотерапевтер қауымдастығының мүшесі – Лола Шакимова, «Жусан» арнайы операциясына қатысушы, теолог – Асланбек Тыныштықов, заңгер, PhD доктор – Серікхан Әділғазы секілді белгілі мамандар мен Дінтану және исламтану саласындағы сарапшылар, оңалту орталықтарының теологтары бар тәжірибелі мамандар тобы ақыл-кеңес береді, - делінген ведомство хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы