Бас жаңалықтар
Бүгін
10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
10 Қаңтар 2019, 08:15 369

10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңгыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Сізден жаңалық