«100 жаңа есім» жобасында 29 адам жеңімпаз атанды

13 Ақпан 2019, 17:01
3327
Бөлісу:
«100 жаңа есім» жобасында 29 адам жеңімпаз атанды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазмедиа орталығында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі өтіп жатыр.

Кездесудің басында Мемлекет басшысы мен жиналғандарға «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздары жайлы бейнеролик көрсетілді. 

Жоба жүргізушісі Махаббат Есеннің айтуынша, бұл жолғы «100 жаңа есімге» қатысуға 2388 өтінім берілген. Сарапшылар тобы жоба талаптарына сай 200 үміткерді анықтаған. Олар келесі кезеңге өткен. Ал соңында онлайн дауыс беру өткізіліп, оның нәтижесінде 29 адам жеңімпаз атанған. 

Жиында «Пифагор» қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов, спортшы Ержан Сәлімгереев пен басқа да жеңімпаздар сөз сөйледі.

Ал 2017 жылы аталған жобаға 2 мыңнан аса өтінім қабылданған болатын. Оның 302-і іріктеу кезеңінен өтіп, 102 үміткер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған еді.

"100 жаңа есімнің" толық тізімін мына жерден көруге болады.

Қымбат Елтайқызы

Өзгелердің жаңалығы