Бас жаңалықтар
1 млн-нан астам адамның жалақысын өсіреміз. Мамин жақсы жаңалығымен қуантты
26 Қаңтар 2021, 11:39 3150

1 млн-нан астам адамның жалақысын өсіреміз. Мамин жақсы жаңалығымен қуантты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл бюджет саласындағы 1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

Еңбек нарығын дамытудың 2021-2027 жылдарға арналған жоспары әзірленеді. Биыл бюджет саласындағы 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өседі, - деді Асқар Мамин.

Ол Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын арттыру мақсатында кешенді шараларды айқындағанын айтты. 

1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендетеді. «Жұмыспен қамту жол картасы» жұмысы жүзеге асырылуын жалғастырады. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі. Еңбек нарығын жаңа жағдайға бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі, - деді Премьер-министр. 

Яғни ол экономикада құрылатын жұмыс орындары есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол карталары жасалатынын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан билігі экономикалық өсімді 3% деңгейінде қамтамасыз еткісі келеді.

 Үкіметтің 2021 жылға арналған жұмысының басты мақсаты - Қазақстан экономикасының өсімін 3% деңгейінде қамтамасыз ету, - деді Асқар Мамин.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Асқар Мамин 2021 жылы 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтты. Бұдан бөлек, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,7 пайызға өскенін жеткізді. Сонымен қатар, отандық өндірушілерді қолдауда Алматы қаласы көш бастап тұрғанын атап өтті. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//