Францияда тәртіпсіздік қаупіне байланысты 70 мың полиция қызметкері көшеге шығады

Хэллоуин қарсаңында өтетін наразылық акцияларына байланысты ел бойынша 70 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.

 pixabay.com 31 Қазан 2026, 16:49
31 Қазан 2026, 16:49
176
Фото: pixabay.com

Франция билігі жаңа жаппай наразылық акцияларына дайындалып жатыр. Ел көшелеріне шамамен 70 мың полиция қызметкерін шығару жоспарланған. Ішкі істер министрлігі Хэллоуин мерекесі қарсаңында өтетін шерулер кезінде тәртіпсіздік туындау қаупі жоғары екенін ескертті. Бұл туралы  Еuronews-ке мәлімдеді.

Франция билігі осы сенбіде, Хэллоуин қарсаңында өтетін жаппай наразылық акцияларының «үшінші кезеңіне» дайындалып жатыр. Елдің Ішкі істер министрлігіне жақын дереккөз қоғамдық тәртіпсіздіктердің туындау қаупі «өте жоғары» екенін ескертті.

Бүкіл ел бойынша шамамен 70 мың полиция қызметкерін жұмылдыру жоспарланып отыр. Олардың міндеті – 17 қазанда болған жаппай тәртіпсіздіктердің қайталануына жол бермеу.

Кәсіподақтар, студенттер мен «сары кеудешелілер» қозғалысының қатысушылары үшінші апта қатарынан сенбі күні акция өткізбек. Олар мектептердегі оқу жағдайына және өмір сүру құнының қымбаттауына қарсы наразылық білдірмек.

Дүйсенбі күні Франция үкіметі студенттердің талаптарын ескеруге бағытталған бірқатар шараны ұсынғанына қарамастан, наразылық білдірушілер көшеге шығуға ниетті. Алайда кәсіподақтар бұл шараларды жеткіліксіз деп бағалады.

Наверх