Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,7 пайызға өсті – Мамин

26 Қаңтар 2021, 11:31
1606
Бөлісу:
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,7 пайызға өсті – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін, әл-ауқатын жақсартуға нақты шаралар атқарылды. 

Сонымен қатар, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,7 пайызға өсті. Қызмет көрсету саласы карантиндік шектеу шараларының салдарынан 5,6 пайызға төмендетілді. Инфляция 7,5 пайызды құрады. Жұмыссыздық 5 пайыз деңгейінде сақталып, «Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша қабылданған шаралардың іске асуының тиімді нәтижесінде болды, - деді ол.

Жетекші халықаралық кредиттік агенттіктер және Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк ұлттық экономика орнықты екенін атап өтті. 

Мемлекеттік бюджеттің кірістер трансферін есепке алғанда, 9,751 трлн сомасында орындалды. Бұл жоспарға қатысты 102,7 пайызды құрап отыр. Республика бюджетінің кірістер трансферін есептемегенде, жоспарға қатысты - 100,3 пайыз. Ал жергілікті бюджеттер 100,8 пайызға орындалды. Халықаралық резервтер 94,4 млрд долларға жетті, - деп түсіндірді Асқар Мамин.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Асқар Мамин 2021 жылы 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтты. Сондай-ақ, отандық өндірушілерді қолдауда Алматы қаласы көш бастап тұрғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы