Бас жаңалықтар
1 маусымда балалар мен жастар музыкалық оркестрлерінің шеруі өтеді
30 Мамыр 2019, 14:19 638

1 маусымда балалар мен жастар музыкалық оркестрлерінің шеруі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл шеру тек облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда ғана ұйымдастырылады. Бұл  туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Еліміздің барлық өңірлерінде шеру өткізу үшін жұмыс топтары құрылды, мерекелік шара дайындығын үйлестіруші жауапты мамандар анықталды, шеру бағыттары әзірленіп, режиссерлер белгіленді. Биыл шеру тек облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалаларда ғана ұйымдастырылады. Шара еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Атырау және Ақтау) ауа температурасының жоғары болуына байланысты, 1 маусым күні сағат 9.00-де басталады, ал, қалған өңірлерде сағат 10.00-ден бастап өтеді", - делінген таратылған ақпаратта.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, шеруге 2,5 мың білім беру ұйымдарының 98 309 оқушысы, студенттері, педагогтары мен ата-аналары қатысады. Парадқа қатысушылардың ең көп саны Қызылордада - 8,5 мың адам, Ақтөбеде - 7 929, Нұр-Сұлтан қаласында - 7 мың 830 адам, Қарағандыда - 7,5 мың, Ақтау және Павлодарда - 7 мың адамнан болады. 

"Парадқа 136 барабаншылар отряды, 91 үрмелі оркестр, 534 қазақ және орыс халық аспаптары ансамблі, 780 черлидерлер мен мажореткалар командасы, хор және би ұжымдары,  басқа (кадеттер, спортшылар, педагогтар) - 266 команда қатысады. Парадқа қатысушылардың қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз етуді жергілікті атқару органдары өз жауапкершілігіне алады", - делінген ақпаратта. 

               


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...