Бас жаңалықтар
 Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен танысты
PHOTO
03 Тамыз 2020, 10:30 260

Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде атқарған ерен ебектері мен ерлігі үшін алғысын білдірді. 

Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананың жұмысын жоғары бағалады.

Бұл орталық Covid-19  эпидемиясына қарсы іс-шараларының  ішінде басым бағытта медициналық қызмет көрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томография зерттеулерін жүргізген. Ал ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу нәтижелерін қамтамасыз етеді. Мұнда Сovid-19 вирусын анықтау үшін 9350 азаматтан сынама алынған.

24a87ba8-a8cb-41ce-bd8c-8c763eae0df7.jpg

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов орталықтың электронды қызметтерімен танысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. 

7b6f66ad-c401-492d-8020-0f391a0b9ccc.jpg

Айта кетейік, заманауи технологиялармен жабдықталған диагностика мекемесі 1990 жылы ашылған. Бұл орталық диагностика және емдеудің өте жаңа, тиімді, инновациялық әдістерін қолдана отырып, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. 2019 жылы медициналық мекеме ҚР денсаулық сақтаудағы ұлттық сапа стандарттарына медициналық қызметтердің сәйкестігіне өңірдегі медициналық ұйымдардың ішінде бірінші болып жоғарғы санатпен аккредиттелген. Орталықта 38 медициналық мамандық бойынша жоғары білікті дәрігер кеңес беріп, 800-ге жуық диагностикалық, 6000-ға жуық зертханалық қызмет көрсетіп келеді.

080916ff-40c6-4196-9a08-02085af1676c.jpg


Фото: дереккөз
Загрузка...