Тоқаевтың осыдан 50 жыл бұрын түскен видеосы жарияланды

27 Мамыр 2019, 10:56
2294
Бөлісу:
Тоқаевтың осыдан 50 жыл бұрын түскен видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқушы кезінде түскен бейне таспасын желіге жариялады. 

Видеода оныншы сынып оқитын Тоқаевтың сыныптастарымен бірге сенбілік кезінде көше тазалап жүргенін көруге болады.

«Осыдан тура 50 жыл бұрын таспаға басылып қалған құнды видеокадрлар. Алматыдағы №25 мектептің 10 сынып оқушылары сенбілікте жүр. Таныған да боларсыздар араларында қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бар», - деп жазды Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Президентті архивті бейне таспаның 32-і секундында көруге болады.
Өзгелердің жаңалығы