Ирак түрмесінде жатқан 14 бала елге қайтарылды

28 Қараша 2019, 16:38
2952
Бөлісу:
Ирак түрмесінде жатқан 14 бала елге қайтарылды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға Ирак түрмесінде аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатыр.

WhatsApp Image 2019-11-28 at 16.46.56.jpeg

Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органмен, отандық үкіметтік емес құрылыммен және халықаралық ұйыммен тығыз  байланыса отырып жүзеге асырды. Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғалар мен ұйымдарға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз, - делінген хабарламада.
WhatsApp Image 2019-11-28 at 16.46.36.jpeg

Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады.

WhatsApp Image 2019-11-28 at 16.47.34.jpeg

2019 жыл Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ үшін маңызды. Осыдан тура 30 жыл бұрын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойылды, ал ақпан айында біздің осы Конвенцияны ратификациялағанымызға 25 жыл толды.

WhatsApp Image 2019-11-28 at 16.47.10.jpeg   



Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған болатын. Сондай-ақ, Сириядан қайтарылған 7 қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, ҰҚК Сирияда қанша қазақстандық жүргенін айтқан болатын.

WhatsApp Image 2019-11-28 at 16.47.51.jpeg

Өзгелердің жаңалығы