Бас жаңалықтар
«Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС директоры пара алды деген күдікпен ұсталды
18 Сәуiр 2019, 13:41 444

«Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен «Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС (100% мемлекет үлесі, құрылтайшысы Қапшағай қаласы әкімдігі) директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол Қапшағай қаласы орталық паркінің аумағында кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жер учаскесін жалға беруді ұсыну үшін жалпы сомасы 200 мың теңге пара алуда күдікті деп танылуда. Қазіргі таңда директордың өзге сыбайлас жемқорлық қылмыстары фактілеріне қатысы болуына тексеру жүргізілуде», - деді департамент директоры.

Күдіктіге қатысты «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда.


Осыған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің жемқорлықпен ұсталғаны туралы, сондай-ақ пара алды деген күдікке Нұр-Сұлтандық аудан әкімдігінің шенеунігі де ілінгені туралы ақпарат бергенбіз.

Сонымен қатар, сәуір айында елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық қатынастардың болуына қатысты студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама жүргізілген. Сауалнама нәтижесінде елордалық студенттердің 6,3%-ы пара бергенін жасырмаған.



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық